419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қанша оқушы коронавирус жұқтырған

  • 134
  • UPD: 17:48, 27.11.2020
Елімізде қанша оқушы коронавирус жұқтырған

Оқу жылы басталғалы бері 1741 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Оның 482-сі кезекші сыныптарда оқитын оқушылар арасында тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

1259 коронавирус жағдайы қашықтан оқитын балалар арасында анықталған. Соңғы апта ішінде 12 өңірде кезекші сыныптарда оқитын оқушылар арасында 129 жағдай расталды.

Хабар 24 телеарнасы