420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Ресми мәлімет халыққа уақытылы берілуі тиіс

  • 105
  • UPD: 22:46, 27.11.2020

Халықтың саяси мәдениетін жетілдіру мақсатында Орталық сайлау комиссиясы ресми мәліметті уақытында жариялауы тиіс.

Саясаттанушы Қазбек Майгелдиновтың пікірінше, комиссия бұл қызметін әзір ойдағыдай атқарып отыр. Күні бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясына 34 сауал түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 17-сі сайлау туралы заң нормаларын түсіндіруге қатысты. Cұрақтардың барлығына комиссия жауап берген. Бұл мәліметтер ресми сайтта да жарияланған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың естуші мемлекет концепциясында айтылғандай, халыққа ресми мәліметті уақытылы беріп отыру керек.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

- Бұл мәліметтердің болмауы нәтижесінде қоғамда көптеген дау-дамайлардың шет жағасы шығып кетіп отырады да, осының әсерінен билікке мемлекеттік органдарға деген сенімсіздік туа бастайды. Сондықтан мынау сайлау процесі ары қарай 10 қаңтарға дейін жалғасатын уақытта тек қана Орталық сайлау комиссиясы ғана емес, басқа да жергілікті, әсіресе, кез келген мәліметтерін немесе тұрғындардан түскен кез-келген сауалағ уақытыл жауап беруі тиіс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы