419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда мейрамхана иелері карантин режимінің қайта ұзартылуына қарсы

  • 93
  • UPD: 19:08, 27.11.2020
Қостанайда мейрамхана иелері карантин режимінің қайта ұзартылуына қарсы

Қостанайда мейрамхана қожайындары карантин режимінің қайта-қайта ұзартылуына қарсылық білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәуір айынан бері бір ашылып, бір жабылған кәсіптері қазір тұралап қалған. Қызметкерлерге жалақы төлемек түгілі ғимаратты жалға алу ақысын өтей алмай жүр. Олар аймақтың Бас санитар дәрігерінен жұмыс кестесін ұзартып, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат сұрайды. Осы шектеулер алынған жағдайда ғана кәсіпті сақтап қалуға болатынын айтады. Қазір облыста 1200-дей бизнес субьектісі қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсетеді. Күндізгі уақытта келушілер некен-саяқ болады. Ал індет кесірінен олар кешкі 21:00-ден кейін жабылуы тиіс.

Ренат Дәулетпаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының заңгері:

- Кәсіпкерлер жұмыс кестесінің 23:00-ге дейін ұзартылуын талап етеді. Бұдан басқа тағы түрлі өтініштері бар. Келіп түскен ұсыныстар Бас санитар дәрігер мен жедел штабтың қарауына жіберілді. Қорытындысы облыстағы эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы