420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СOVID-19: Қазақстандық вакцина клиникаға дейінгі сынамадан өтті

  • 117
  • UPD: 21:34, 27.11.2020

Коронавирус инфекциясына қарсы тағы бір отандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

QazCoVac-P атауын алған вакцина келесі кезеңде ерікті адамдарға егіліп, сынама жүргізіледі. Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми зерттеу институтында жасалған вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген. Отандық өнімнің зерттеу нәтижелері туралы арна тілшісі Гүлжан Көленқызы тарқатады.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық 4 вакцинаны тіркеді. Олар әзірге жалпы қолданысқа үміткерлер қатарында. Вакцинаның екеуін Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми зерттеу институты жасап шығарған. Инактивті иммунды-биологиялық топқа жататын алғашқы вакцина қазіргі уақытта ерікті адамдарға егіліп, әсерлері зерттелуде. Енді міне, тағы бір вакцина клиникалық жағдайда сынамадан өтуге дайын.

Отандық вакцина өндірушілердің зерттеуінен өткеннен кейін мына біз тұрған фармакологиялық сынақтар зертханасына келіп түседі. Бұл жерде мамандар вакцинаны бірнеше көрсеткіштері бойынша зерттейді. Атап айтқанда, клиникаға дейінгі зерттеулер барысында ең бірінші кезекте қауіпсіздігі сыналады. Содан кейін ғана келесі кезең – ерікті адамдарға егуге нұсқаулық беріледі.

QazCoVac-P деп аталған жаңа вакцина суббірлікті препараттар тобына жатады. Мұның ерекшелігі – құрамында ауруды қоздырғыштар жоқ. Бұл оның қауіпсіздігін арттырады. Сүттің қоюлығындай вакцина ағзаға бұлшықет арқылы енгізіледі.

Әнсая Ноғайбаева, фармакологиялық сынақтар зертханасының І санатты мамамны:

- Клиникаға дейінгі зерттеулер барысында біз әртүрлі дозаларды жануарларға енгіздік. Салғаннан кейін біз ол жануарлардың белсенділігін қараймыз, көңіл күйі, тамақ ішуі, су ішуі оның бәрі қаралынады. Салмағын өлшеп тұрамыз. Салғанға дейінгі салмағы, салғаннан кейінгі салмағы, бір аптадан кейін азып жатыр ма, қосып жатыр ма, оның бәрі ең соңғы отчет жазғанда сол кезде жазылады.

Зертхана мамандары вакцинаны бір жарым ай бойы түрлі көрсеткіштер бойынша сынамадан өткізген. Тышқандар, егеуқұйрық және теңіз шошқаларына егілген препараттың уыттылығы, аллергиялық, тітіркендіргіш әсерлері толық зерттелген.

Әнсая Ноғайбаева, Фармокологиялық сынақтар зертханасының I санатты маманы:

- Жануарлардан қан сынамалары алынды, оның ішінде гемотологиялық, биохимиялық қан сынамалары. Осы барлық сынақтардың нәтижелерін қорытындылай келе, COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны адамдарға қолдану қауіпсіз деген қорытындыға келіп, ары қарай клиникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады.

Мамандар зерттеу барысында ешқандай жануарда ауытқу, өлім тіркелмегенін айтады. Зерттеулер нәтижесі бойынша жасалған қорытынды негізінде Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен вакцинаға клиникалық жағдайда сынама жүргізіледі.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы