419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда Бауыржан Момышұлының 110 жылдығы атап өтілді

  • 315
  • UPD: 21:48, 27.11.2020

Тарихи іс-шараға батырдың туған-туыстары, бауыржантанушылар, елге белгілі ғалымдар, әскерилер мен жастар қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұрт батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Іс-шара өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.

Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған шара Жеңіс саябағында өтті. Жиналған қауым әуелі батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Меймандарға Даңқ залындағы Ұлы Отан соғысы жылдарынан қалған құнды экспонаттар көрсетіліп, отты кезеңнен қалған тарихи жәдігерлер таныстырылды.

Зейнеп Ахметова, Бауыржан Момышұлының келіні:

- Қазақ дейтін халық жер бетінде тұрған кезде ата да жасай береді деп ойлаймын. Бұрынғыдай өте көп адам жинап, үлкен тойларды өткізуге мүмкіндік болмағанымен атаны еске алып, ардагерлер бар ұрпақ жалғастығы жастарды қосып, осылай өткізіп жатқан бұл да үлкен бір ғанибет!

Шара «Тұлғасы тұнған тәлім» атты кешпен жалғасты. Онда зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кездесіп, даңқты қолбасшы туралы тың деректер келтіріліп, естеліктер айтылды.

Ким Серікбаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Бұл тек қана биыл 110 жылдығын емес, Бауыржанның аты мәңгілік болу керек. Бауыржан еліміздің мақтанышы. Тек қана әскери қолбасшы ғана емес, ағамыз дарынды ақын жазушы болған адам. Бізге қаншама кітаптарын жазып кетті. Өлеңдері қаншама?! Оның бәрі ұлттық рухани жастарға тәрбие.

Кездесу барысында жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Тарихи тұлға поэзиясы туралы монография «Сардардың жыр сарбаздары» деп аталады. Кітапта Бауыржан Момышұлының өлеңдері, ұлағатты сөздері жинақталып, жариялаған.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы