420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодардағы ЖЭО-да құбыр жарылды

  • 86
  • UPD: 08:06, 28.11.2020
Павлодардағы ЖЭО-да құбыр жарылды

Павлодардағы бірінші жылу электр орталығында апат орын алып, қаланың оңтүстік бөлігі біршама уақыт жылусыз қалды.

Әзірше құбырлардың бірі қысымға шыдамай жарылған деген болжам айтылады. «Павлодар жылу жүйесі» ЖШС мамандары бүлінген тұсты жөндеуге кірісті. Түн ішінде бірінші жылу электр орталығына өңір басшылары келіп, мәселенің мән-жайын білісті.

Айтпақшы, қараша айының басында Павлодар облысына Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов екеуі 1 қарашада «Қазақстан алюминийі» АҚ құрамына кіретін бірінші ЖЭО-да болып, мәртебелі меймандарға қаланы электрмен және жылумен жабдықтау туралы баяндап, станцияның қазіргі электр қуаты 340 МВт, ал жылу қуаты сағатына 1074 гкал екені айтылған.

Түнгі апатқа келсек, 19 градус аязда жылусыз қалған үйлерді жедел түрде екінші және үшінші жылу электр орталығына қосып, төменгі температурамен болса да, жылу берілгені хабарланды. Ал бірінші ЖЭО дағы жағдай жақын арада реттелуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы