420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «30 игі іс» эстафетасы басталды

  • 134
  • UPD: 09:06, 28.11.2020

Егемендігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шараға волонтерлер мен елімізге жанашыр азаматтар атсалысады.

Қазірдің өзінде бас қаланың кейпіне көрік берер нысандар салынып, қайырымдылық шаралары бастау алды.

Елімізді сынға алған кезеңде қысылып қалған Гүлзира апай – бес баланың анасы. Жағдайы қиындаған соң көптен көмек сұрауға мәжбүр болған. Көпбалалы анаға көпке белгілі актер көмек қолын созып, азық-түлік алып берді.

Гүлзира Әшірбаева, көпбалалы ана:

– Рахмет айтамын. Карантин кезінде көпбалалы аналарға аз болса да, көп болса да, әйтеуір көмектесіп жатыр.

Олжас Сыдықбек, қала әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы директорының орынбасары:

– Жұмыстан кейінгі уақытта шығып арнайы тізім бойынша мұқтаж отбасыларға барып, көмек беріп тұрамыз. Бұл – игі іс. Жалпы мейірімді болу, игі іс жасау, көмек қолын беру қазақтың қанында, біздің тәрбиемізде бар.

Осылайша елордада басталған «30 игі іс» эстафетасының тұсауы кесілді. Волонтерлер да қайырымдылық жасап, қайырын көруге ниетті. Қалада құрылған штаб құрамында 2500 ерікті бар. Олардың бір бөлігі қала тұрғындарына тегін маска таратып, жақындарына жанашыр болуға шақырды.

Аян Ерментаев, қалалық волонтерлер штабы төрағасының орынбасары:

– Пандемияның кең ауқымда орын алып отырғандықтан, соны алдын алу мақсатында келесі жылдары тек қана жақсылық болсын деген ниетпен волонтерлер штабы жиыла отырып, «30 игі істі» бастаған болатын. Маска таратумен аяқталмай, қаламыздағы көпбалалы отбасыларға, іс-қимыл әрекетіне келмейтін кісілерге көмектесуге әрқашан дайынбыз.

Әрине, игі шаралар саны 30-бен шектелмейді. Ұйымдастырушылар қалаға сән берер нысандар салып, жұртшылық игілігіне жарар жақсылықтарға мұрындық болып жүрген жандар жайлы талай естиміз дейді. Эстафета бір жыл көлемінде жалғасатын болады.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Асхат Қарақойшы

Хабар 24 телеарнасы