419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы қаласы вирус жұқтыру қаупінің сары аймағына енді

  • 396
  • UPD: 09:59, 28.11.2020
Алматы қаласы вирус жұқтыру қаупінің сары аймағына енді liter.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Құрметті алматылықтар. Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз», – деп жазды. 

Хабар 24 телеарнасы