420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жарылған жылу құбыры жөнделіп жатыр

  • 95
Павлодарда жарылған жылу құбыры жөнделіп жатыр

Кеше кешкісін бірінші жылу электр орталығы аумағында диаметрі 800 мм жылу желісі істен шыққан еді.

Апат салдарынан көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беру уақытша тоқтатылып, барлық нысанды екінші және үшінші жылу электр орталығына қосуға шешім қабылданды. Сондықтан көпқабатты тұрғын үйлерде жылу параметрлерінің күрт төмендеп кеткені анықталды. Ақау шыққан құбырды ауыстыру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Мамандар бүгін кешкі сағат 18:00-ге дейін жағдай толық реттелетінін айтады.

Олеся Емельянова, «Павлодарэнерго» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

– Жылумен қамту орталығында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар ақауды жойғаннан кейін жоспарланған кестеге сәйкес жылу тасымалдағыштардың қысымын қалпына келтіруді қолға алады. Параметрлер бүгін 29 қарашада кешкі уақытта толық қалпына келтіріледі.

Сондай-ақ:

Павлодардағы ЖЭО-да құбыр жарылды

 

 

Хабар 24 телеарнасы