420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ға қарасты Тұғыл ауылына ауызсу берілді

  • 106
  • UPD: 14:57, 28.11.2020
ШҚО-ға қарасты Тұғыл ауылына ауызсу берілді

Шығыс Қазақстан облысындағы Тұғыл ауылына ауызсу берілді.

Бұған дейін арнамыздан аталған елді мекендегі 5 мыңға жуық халықтың тіршілік нәрінен таршылық көріп отырғаны жайлы талай бейнематериал берілген еді. Тұрғындардың айтуынша, Тұғыл ауылы 2018 жылы ауызсумен қамтылған деп есеп беріліп келген. Шын мәнінде олар судың рахатын бар-жоғы 3-4 ай көріп, әрі қарай құдықтан тасуға көшкен. Мәселені зерттей келе бұл былыққа мердігер компанияның салғырттығы мен сол жұмысты көз жұмып қабылдап алған аудан әкімдігінің жауапсыздығы себеп болғаны анықталды. Ала жаздай тұғылдықтар ауызсу сұрап шағымданумен болды. Біздің арна тілшілері ауылға барып, мәселенің мән-жайын біліп, бірнеше бейнематериал жасады. Осыдан соң өңір билігі мен Nur Otan партиясының комиссиясы жағдайды өз бақылауына алды. Мердігер компания тарапынан кеткен кемшіліктер жойылып, нәтижесінде Тұғыл орталық желідегі ауызсуға қосылды.

Нәзипа Кешеубаева, Тұғыл ауылының тұрғыны:

– Өте қуаныштымыз. 6-7 ай жырлаған су мәселесі шешілді. Бірінші осы «Хабар 24» арнасының ұжымына алғысым шексіз. Сіздердің тікелей бақылауларыңыз бен жоғарғы жаққа жеткізгендеріңіздің арқасында осындай біз жеңіске жеттік. Халық зардап шекпеуі керек, бөлінген ақша халыққа жетуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы