419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Белгілі журналист Ардақ Айбарұлының жыр жинағы басылып шықты

  • 106
Белгілі журналист Ардақ Айбарұлының жыр жинағы басылып шықты

«Тамырымды бүлкілдет, жылғалы өлең». Осындай атаумен «Хабар» арнасының Алматы облысындағы меншікті тілшісі, белгілі журналист Ардақ Айбарұлының жыр жинағы басылып шықты.

Кітапқа ақынның ойлы өлеңдері, журналистік жолжазбалары, эсселері, әсерлі әңгімелері енген. Тырнақалды туындының Ақши ауылында тұсауы кесіліп, ақынның шығармашылық кеші өтті. Жиында жазушылар қауымы кітаптың мәні мен мазмұны туралы сөз қозғап, көркемдік стиліне өзіндік бағасын берді. Туған жер, ауыл, тұлпарлар жайлы өлеңдері оқырмандарды тебірентпей қоймайды. Лирикалық шығармалары әнге айналып, сахналарда шырқалып жүр. Ақын сөзіне жазылған «Ақши» әні алғаш рет көпшілік алдында орындалды. Кеш барысында мерейтой иесіне арналып ақ тілектер айтылды.

Ардақ Айбарұлы, «Хабар» телеарнасының Алматы облысындағы меншікті тілшісі:

– «Тамырымды бүлкілдет жылғалы өлең» кітабым мен «Ақшиым» әнінің тұсаукесерін кезінде Күрті ауданының орталығы болған Ақши ауылында өткізіп жатырмыз.Оның өзіндік себебі бар. Осы ауылда ер жеттік, өсіп-өндік. Осы жерде азамат ретінде қалыптастық. Осы аудан халқының алдында есеп беру ретінде осындай шараны өткізіп жатқан жайымыз бар. Алдымызда әлі де үлкен жоспарлар бар. Келешекте тағы бір жинағымды шығарсам ба деймін.

Роза Айдарбекова, Қазақстанның құрметті журналисі:

– Кітапта ой бар, салмақты  философия, лирика бар. Ардақтың тілі жатық, ойы орамды екен. Менің соған көзім жетті. Кітап маған ұнады. Кіапты оқып отырып, әркім өзінің ауылына деген құрметін сезінуге болады.

Хабар 24 телеарнасы