420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі енгізілді

  • 103
  • UPD: 08:09, 29.11.2020
Талдықорғанда қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі енгізілді

Талдықорғандағы қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған сәйкес бүгіннен бастап жолаушылар жолақысын картамен немесе мобильді қосымшаның QR коды арқылы аударса бұрынғыдай 80 теңге, ал қолма-қол есептесе 120 теңге төлейді. Ол үшін қала аумағында жүретін автобустардың барлығына арнайы құрылғы орнатылып, 500 теңгеден төлем карталары сатылып жатыр. «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында қолға алынған бастама жеке инвестор есебінен жүзеге асады. Айта кететін жайт, жетпіс жастан асқандар мен көп балалы аналар үшін тегін жүру жеңілдігі сақталып отыр. Жауапты мамандар бұндай жаңашылдық саладағы ашықтықты қамтамассыз етеді. «Қажет жағдайда тасымалдаушы компанияларды субсидиялауға мүмкіндік береді», - дейді.

Нұрбақыт Алтынбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшының м.а.:

- Тасымалдаушылардың табысы белгілі болады. Өздерінің табысы, кірістері белгілі болады. Және мына карантин кезінде елдерге ақша ұстап жүрмегеннен кейін контакт жасамағаннан кейін картамен төлейді де, ешкім ешкімен қатынасқа түспейді. Соның нәтижесінде ауру жұқтырудың алдын алуға болады деп есептейміз. Тағы бір айта кететін жайт, если валидатор істемей қалса, жолаушылар тегін жүреді.

Орынгүл Қабдолова, қала тұрғыны:

- Жаңадан автобус әкеліп, олардың жалақысын дұрыстап, жүргізушілерге жағдай жасау керек. Жаңа жүйеден осындай күтемін.

Хабар 24 телеарнасы