425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында шөл далаға сексеуіл егілді

  • 313
  • UPD: 09:32, 29.11.2020
Қызылорда облысында шөл далаға сексеуіл егілді

Қызылорда облысында құм көшкінін тоқтату мақсатында сексеуіл егу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл өңірде 13382 гектар жерге өсімдіктің осы түрін отырғызу жоспарланған. Оның 10 мыңдай гектары тұқым түрінде себілсе, қалғанын көшеттен көктету көзделген. Күзде қарқын алған бұл жұмыстар желтоқсан айының бел ортасына дейін жалғасады. Соңғы жылдары Арал теңізінің құрғаған ұлтанын жасыл желекке айналдыру мақсатында оңтүстіккореялық инвесторлар жалпы аумағы 13 мың гектар жерге сексеуіл екті. Жалпы теңіздің тартылған табанына галофитті өсімдіктер отырғызу жұмыстары осыдан 40 жыл бұрын басталған. Содан бері 190 мың гектар жер орманға айналды. Алдағы 5 жылда 213 мың гектар теңіз табанына сексеуіл егу жоспарланып отыр.

Дамиля Бердешева, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- Аралдың ұлтанына белгіленген норматив бойынша егілген сексеуілдердің шығымдылығы 30-35% көрсеткішті көрсетті. Бұны Корея республикасынан келген арнайы өкілдер, профессорлар өте жоғары бағалап кетті. Алдағы жылдары осы Корея Республикасымен, одан бөлек, бүкіл әлемдік қор арқылы осы жұмыстарды жалғастыру бағытында тиісті келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы