419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 51 адам құтқарылды

  • 181
Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 51 адам құтқарылды

Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы республикалық маңызы бар Алматы-Термез-Ташкент жолының учаскесінде 51 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы аккаунтына сілтеме жасап.

«2020 жылғы 28 қарашада сағат 13:25-те Жамбыл облысы, Жуалы ауданында республикалық маңызы бар Алматы-Термез-Ташкент (576-593 км) автожолының учаскесінде Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен екі техникасының күшімен қар құрсауында қалған 21 автокөліктен 51 адам (оның ішінде 12 бала) құтқарылды, 3 адам (оның ішінде 2 бала) эвакуацияланды. Автожолдардың тазартылған учаскелеріне 21 жеңіл автокөлік сүйрелді», – деп хабарлады ТЖД.

Хабар 24 телеарнасы