419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: ШҚО-да эпидемиологиялық ахуал қалай?

  • 149
  • UPD: 15:48, 30.11.2020

Соңғы тәулікте ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 125 адам анықталды.

Яғни карантиндік талаптарды сақтауға тура келеді.

Эльмира Ахметова, тілші:

– ШҚО-да жағдай күн санап тұрақталып келе жатыр, дегенмен карантиндік талаптарды босаңсытуға әлі де жол берілмейді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, шектеу шаралары өлкеде желтоқсанның сегізіне дейін ұзартылған болатын. Оның негізгі мақсаты – осы көрсеткіш көлемін түсіру,індеттің таралуына тосқауыл қою.

Өткен айларда облыста індет жұқтыру көрсеткіші 250-ден асып отырған еді. Осы айдың басында тіпті бір тәулікте 350 науқас тіркелген жағдай болды. Сондықтан да бірден санитарлық бекеттер қызметі ұйымдастырылды. Бастапқыда 13 бекет болса, кейін олардың саны 24- ке жетті. Қазір эпиджағдай жақсарып келе жатқандықтан, бекет басынан дәрігерлер алынып, тек полиция қызметкерлері ғана қалыпты. Олар көлік ағынын бақылаумен тұр. Жалпы облыс бойынша пандемия басталғалы коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны 16 мыңнан асты, оның ішінде 13 мыңнан астамы емделіп шыққан. Дәл қазіргі күні өлкеде инфекциялық стационарда 568 науқас жатыр. Олардың 54-і жансақтау бөлімінде. Сала өкілдерінің сөзінше, негізі өңірде кеселмен күресуге 40 инфекциялық бөлімше, 3200-ден астам орын дайындалған. Бүгінде сол орынның 16-18 пайызы ғана қолданылып келеді. Жұқпалы дертті өршітпеудің басты әдісі – карантиндік талаптарды сақтау. Өңірде 166 мониторингтік топ жұмыс істейді. Мәселен, олар қазан-қараша айларында санитарлық ережелерді сақтауға салғырттық танытқан 70-ке жуық кәсіпкерді анықтады. Бетперде тағу, сырқат адаммен қарым қатынаста болған жағдайда оқшаулану тәртібін ұстау сынды талаптарды сақтауға аса қатаң көңіл бөлінген. Сондықтан облысымызда елде жоқ локализациялық орталық жұмыс істеп тұр.

Талғат Тұңғышбаев, ШҚО санитариялық –эпидемиологиялық департамент өкілі:

– Ошақтарды шектеу орталығы бар. Өткен айдың аяғынан бастап жұмыс істеп жатыр. Мақсаты – бүкіл зертханалардан оң нәтижелі қорытындылардың барлығы тікелей сол орталыққа түседі. Ешкім ешнәрсе жасыра да алмайды. Сол түскен бойы сұрыпталып, әр ауданға, қалаға өзінің мекенжайын жібереді. Барлығы жүз пайыз қадағалануда, ауырған адамдармен байланыста болған адамдар да.

Мінеки, облыста инфекция жұқтырғандарды бақылау масқатында осындай бір бірегей кешен жұмыс істеп тұр.

Қабылданған шектеу нәтижелері жаман емес. Демалыс күндері азық-түлік емес дүкендер, ірі сауда орындары істемей тұр. Әрине, бұл сол саладағы адамдарға оңай тиіп тұрған жоқ. Тіпті алдымен семейлік, сосын өскемендік кәсіпкерлер өздерінің шығынға батып бара жатқандарын айтып, өтініш-арыздарын билік өкілдеріне жеткізген болатын. Алайда олар айта сала, жеңілдік берілген жоқ. Өйткені ол кезде аурушаңдық деңгейі ушығып тұрған. Ал қазіргі оң өзгерістер бизнес өкілдеріне біршама мүмкіндік беруі мүмкін деп отыр санитарлық мамандар. Қазір бұл сұрақ қарастырылп жатқан көрінеді. Сондықтан таяу уақытта өзгерістер болуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы