424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының шалғай ауылына газ келді

  • 244
Түркістан облысының шалғай ауылына газ келді Вести

Түркістан облысы Шардара ауданының Сүткент ауылына газ келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ауылдық округте 3 мыңнан аса халық тұрады. Қазір ауылдағы жергілікті әкімдік ғимараты, мектеп пен балабақша сияқты әлеуметтік нысандар да сұйық отынның қызығын көріп отыр. Тұрғындардың айтуынша, табиғи газды үйге кіргізу құны 80 мың теңгеден айналған. Жалпы Шардара ауданында 1 қала, 10 ауылдық округ, 25 елді мекен бар. Онда 80 мыңға жуық халық тұрады. Бүгінге дейін аудандағы жеті ауылдық округ көгілдір отынмен қамтылған.  

Гүлжан Күлділдаева, Сүткент ауылының тұрғыны:

– Бұрын көмір жағып қиналатынбыз. Қиыншылық өте көп болды. Әр жыл айын тонналап көмір алып, күйелеш боп жүретінбіз. Қазір газ келіп, қуанып жатырмыз. Үйдің іші жылы, шайымыз қайнаулы.

Мұхтархан Үтенов, Шардара аудандық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

– Келер жылы Шардара қаласындағы төрт мөлтек ауданды газға қосудың құрылыс жұмыстары басталады. Қалған үш ауылдық округ кезең-кезеңімен 25 жылға дейін жоспарға сәйкес газдандырылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы