425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елорданы қардан тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?

  • 365
  • UPD: 14:56, 30.11.2020

Өткен тәулікте елордадан 72 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 1 мыңнан астам техника мен 250-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Ал бүгін 4 аудан бойынша 1 мың 315 техника бірлігі мен 2 мыңға жуық жұмысшы жол мен аулаларды қардан тазалап жатыр.

БЛИЦ:

– Өзімнің көңілімнен шығады. Сол жақ жағалауда тұрамын. Бізде тап-таза. Ешқандай қолайсыздық жоқ.

– Негізі түнгі уақытта жинаған дұрыс болады. Себебі жолаушыларға кедергі болмайды.

Қаланы қардан тазалау жұмыстары күндіз таңғы алтыда басталып, кешкі сағат беске дейін жалғасады. Екінші ауысымдағылар қызметіне түнгі уақытта кіріседі. «Астана тазалық» мекемесі ұсынған деректерге сүйенсек, өткен сенбіден жексенбіге қараған түні 637 техника бірлігі мен 440-қа жуық қызметкер жұмылдырылған.

Дархан Ибраев, «Астана Тазалық» ЖШС қызметкері:

– Көліктер кедергі жасайды. Бірақ біз де түсінеміз, оларға да біз кедергі жасаймыз. Жолдарын жабамыз. Жолдың тазалығы үшін жүрміз.

Осыған байланысты қызметкерлер көлік жүргізушілеріне темір тұлпарын жол жиегіне қалдырмау керек екенін ескертеді.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы