423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбе облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

  • 353
  • UPD: 13:55, 30.11.2020
Ақтөбе облысында елік атқан браконьерлер ұсталды osken-onir.kz

ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы «Жамбыл» шекара бөлімшесінің учаскесінде елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Т. есімді ҚР азаматы Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырған. Аталған адамдар тобы үш автокөлікпен алты дана елікті атқан. Көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылды.

Ұсталғандар іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы