1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай елордада отшашу болмайды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елорда аумағында отшашу жоспарланып отырған жоқ», - деді Ақмарал Олжабаева.
Айта кетейік, City Transportation Systems компаниясының ресми мәліметінше, 1 желтоқсан күні елорданың қоғамдық көліктері қалыпты режимде жұмыс істейді.