Бірінші желтоқсаннан бастап алтыншы желтоқсанға дейін жастарға арналған жалдамалы пәтерге өтінім беру басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құжат тапсыратын азаматтың жасы 29-дан аспауы тиіс. Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде есептік шоты немесе тұрғын үй депозит шоты болу маңызды. Бұдан бөлек, өзінің меншігінде баспанасы жоқ және соңғы 6 айда кемінде 111 мың 120 теңгеден төмен емес кірісі болуы қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек брифингте айтты.
Айта кетейік, өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында жастарға 2 мың 50 пәтердің кілті табысталған болатын.