420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының Іле ауданында 60 отбасы баспаналы болды

  • 181
  • UPD: 15:23, 30.11.2020
Алматы облысының Іле ауданында 60 отбасы баспаналы болды

Көпқабатты тұрғын үй «Шаңырақ» бағдарламасы негізінде арнайы есепшот ашып, пәтер құнының он процентін жинағандарға табыс етілді.

Тиімді жобаның игілігін көргендердің қатарында көпбалалы отбасылар, әлеуметтік санаттағылар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері бар. Жалпы қазіргі таңда ауданда төрт мыңнан аса адам кезекте тұр. Олар үшін Өтеген ауылында 60 және 72 пәтерлі үш үй салынып жатыр. Алдағы уақытта ерекше үлгідегі коттеджді қалашық бой көтермек.

Гүлнәз Әубәкірова, қала тұрғыны:

- Арманымызға жетіп, баспаналы болып жатырмыз. Өзім көпбалалы анамын. Пәтер ұнайды, жақсы салынған. Ауласында балалар ойнайтын жері бар.

Хабар 24 телеарнасы