419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысындағы Үштаған ауылына құм басу қаупі төнді

  • 113
Атырау облысындағы Үштаған ауылына құм басу қаупі төнді

Атырау облысына қарасты Азғыр өңіріндегі Үштаған ауылына құм басу қаупі төнді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы төрт-бес жыл қатарынан келген құрғақшылық пен мал басының көбеюі ауыл іргесіндегі шағылдың шөбін тақырлап, құм көше бастаған. Бүгінде ұзындығы 5, ені 2 шақырымдай шағылдар ауыл іргесіне таялып, шеткі үйлердің бойымен бірдей биіктікке жеткен. Әсіресе, биылғы жаз ауылдықтар үшін аса қиын болыпты. Үштағандықтар өз беттерімен әрекет етуге дәрменсіз. Қазір үйлеріне тірелген көшкінді күреумен күн кешіп келеді. Ауылда 700-дей адам тұрады. Облыс орталығынан 600, Құрманғы ауданынан 250 шақырымдай қиырда жатқан ауыл Үкіметтен көмек сұрап, арыздарын жолдады.

Нұржамал Қасымқызы, Үштаған ауылының тұрғыны:

– Қазір шет жақтағы 7-8 үйді іргелеп тұр. Сосын кіріп-шығатын жолдарды басып қалды. Ауылға жеңіл көліктердің келуі қиын. Ауылда тұрғандықтан, бізде шөп, отын деген мәселе бар. Осыларды ала жаздай таси алмай, тек жаңбыр жауғанда ғана іске кірісіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы