420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде Египеттен тиісті анықтамасыз оралған жолаушылар оқшауланды

  • 128
  • UPD: 18:04, 30.11.2020
Ақтөбеде Египеттен тиісті анықтамасыз оралған жолаушылар оқшауланды

Ақтөбеде Египеттен оралған 25 адамның ПТР-тест қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ешқайсысынан қауіпті індет анықталған жоқ. Десе де, шетелден келгендер тиісті анықтамасы болмағандықтан, бір тәулік бойы карантиндік орталықта жатуына тура келді. Бүгінде өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен, мамандар тұрғындардан сақтық шараларын күшейтуді сұрап отыр. Себебі, соңғы екі айда індетке шалдыққандардың саны екі жарым есе ұлғайған. Жалпы өткен көктемнен бері аймақта коронавирус инфекциясының 3400-ден астам жағдайы тіркелді.

Бекболат Ізбасаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Пневмониялар бойынша соңғы тәулік ішінде 7 жағдай тіркелген болатын. Қазіргі кезде 62 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 40 науқас қалада, 5 науқас реанимацияда ем қабылдап жатыр. 22 науқас аудандарда ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы