419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ХҚКО-ға жасырын барған министр олқылықтарды анықтады

  • 203
  • UPD: 18:42, 30.11.2020
ХҚКО-ға жасырын барған министр олқылықтарды анықтады

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына смс-хабарлама сервисі қайта енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деді. Сала басшысы елордадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне жеке куәлігін жаңғырту үшін қарапайым тұрғын ретінде барды. Бұл туралы ол «Фейсбуктегі» парақшасында жазды. Бағдат Мусин орталықтар жұмысында бірқатар олқылық барын атап өтті. Оның айтуынша, енді ең көп ұсынылатын қызметтер бойынша кеңес беретін жеке табло орнатылады. Ал жеке куәлікке суретке түсетін жерде қосымша монитор қойылады. Сондай-ақ анықтамаларды басып шығару үшін бұған дейін қолданылып келген ақпараттық киоскілер қайта іске қосылады. Министр бұдан былай санитарлық ахуал да жақсаратын айтты.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Бұрын ХҚКО-ға бармағаныма кешірім сұраймын. ХҚКО-ға барудың қажетілігі болмас үшін барлық қызметтерді онлайн түрде көрсетуге ауыстыруды ойладым. Алайда, ересек буын үшін ХҚКО-ға бару әлдеқайда дағдылы екенін мойындаймын. Сондықтан қызмет көрсету кезінде ыңғайлы болуына бұдан әрі жұмыс істейтін боламын!

Хабар 24 телеарнасы