419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл соңына дейін 350 елордалық жасқа пәтер беріледі

  • 126
  • UPD: 18:59, 30.11.2020
Жыл соңына дейін 350 елордалық жасқа пәтер беріледі

Елордада 1 желтоқсаннан бастап 6 желтоқсанға дейін «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына құжат қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін 350 елордалық жаcқа пәтер беріледі. Биыл өтінімді astana.gov.kz сайты арқылы, жасы 29-ға дейінгі азаматтар құжат тапсыра алады. Бірақ тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде есептік шоты немесе тұрғын үй депозит шоты болу маңызды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек брифингте айтты. Ал берілетін пәтер ауданы 31 шаршы метрден 47-ге дейінгі 1 бөлмелі пәтер. Айта кетейік, өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында жастарға 2050 пәтердің кілті табысталған болатын.

Дәулет Кәрібек, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы:

- Жұмыс істейтін, өзінің меншігінде баспанасы жоқ және депозиттік шоты бар болуы керек. Сонымен қатар өзінің меншігінде баспанасы жоқ және соңғы 6 айда кемінде 111 мың 120 теңгеден төмен емес кірісі болуы қажет. Осы жоба алдағы уақыттада жастарға мотивация болуға септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы