419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында COVID-19 жұқтырғандар саны бір айда жеті есе өскен

  • 118
  • UPD: 21:33, 30.11.2020
Қостанай облысында COVID-19 жұқтырғандар саны бір айда жеті есе өскен

Қостанай облысында күшейтілген карантин режимі тағы бір аптаға ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты осындай шешім қабылданды. Облыста 9 қарашадан бері демалыс және мереке күндері локдаун деп жарияланған. Сауда, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқартылған. Бірқатар кәсіпкерлік нысанның қызметі тоқтатылды. Облыс орталығынан шығаберісте санитарлық бекеттер жұмыс істейді. Сағат кешкі 22:00-ден кейін көшеде жүруге тыйым салынды. Такси қызметі де таңғы 06:00-ге дейін жүрмейді. Шектеулерге қарамастан эпидахуал көңіл көншітпейді. Санитарлық дәрігерлердің мәліметінше, вирус жұқтырғандар саны шамамен жеті есе артқан.

Владимир Нечитайло, облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері:

- 1 қарашада 13 науқас тіркелсе, күні кеше 87 адам вирус жұқтырды. Әрине, инфекциялық бөлімге салмақ түсіп жатыр. Онда COVID-19-дан емделіп жатқандар саны екі есе артты. Сондықтан карантиндік шараларды жеңілдету жайында әңгіме қозғау ерте. Облыс әлі күнге «қызыл» аймақта.

Хабар 24 телеарнасы