Ақтөбеде биыл жаңажылдық безендіруге қаржы қарастырылмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті билік бюджет қаражатын үнемдеуді дұрыс деп шешіпті. Алайда шаһарға мерекелік көңіл-күй сыйлау ұмыт қалмайды. Бұған дейінгі жылдары сатып алынған шыршалар мен ойыншықтар қолданылады. 2018 жылы облыс орталығын безендіруге жергілікті бюджеттен 45 миллион теңге бөлінген. Бұл сомаға 4 шыршаның ойыншықтары алынып, түрлі мерекелік жарықтандыру жүргізілді. Ақтөбе қаласында жыл сайын шамамен 50-ге жуық шырша орнатылады. Олардың дені жергілікті бизнес нысандарына тиесілі. «Биыл да кәсіпкерлер тарапынан қолдау болады» деп күтіліп отыр.
Ләззат Фазилова, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:
- Сақталған алдыңғы жылғы, оның алдыңғы жылғы келе жатқан шыршалар, ойыншықтар, безендіру бұйымдары қойылатын болады қала бойынша. Егер демеушілердің қатарынан қаражат бөлінсе, көмек көрсетіліп жатса, онда көрсетілген жерлерге қойылатын болады.