420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында тосқауыл бекеттерінен заңсыз өткісі келетіндер көп

  • 151
  • UPD: 23:19, 30.11.2020
Павлодар облысында тосқауыл бекеттерінен заңсыз өткісі келетіндер көп

Ертіс өңірінде тосқауыл бекеттері арқылы ережені елемей, заңсыз өткісі келетіндер саны азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы үш аптада 800-ге жуық көлік жүргізушісі кері қайтарылған. Көбінің қолында рұқсат құжаттары, жұмыс орнынан алынған анықтамасы жоқ. Тәртіп сақшыларын балағаттап, карантин талаптарын орындамай жүргендер де баршылық. Полиция көлік жүргізушілерге айыппұл салумен ғана шектеледі. Қазіргі таңда облыс аумағында 12 тосқауыл бекеті жұмыс істейді. Соңғы аптада облыс аумағына 30 мыңнан астам көлік кіріп-шыққан. Оғаш мінез танытқан 150-ден астам жүргізуші айыпқа тартылды.

Жанна Белялова, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Полицейлердің ескеруін құлаққа ілгісі келмейтіндер жетерлік. Мәселен, жуырда ғана қауіпісіздік белдігін тағуды ескерткен тәртіп сақшысына көлік жүргізушісіне қарсылық білдіріп, келіспеген. Бұл дерек бойынша Әкімшілік кодекстің 667-бабы бойынша өндіріс қозғалды. Жүргізушіге 20 АЕК көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы