420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда қоғамдық көлік қатынамайды

  • 132
  • UPD: 09:18, 01.12.2020
Павлодарда қоғамдық көлік қатынамайды

Павлодарда Тұңғыш Президент күні мерекесінде қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылады.

Бұл облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына орай қолға алынған сақтық шараларының бірі.

Құжатқа сәйкес, демалыс және мереке күндері автобустар мен трамвайлар уақытша жүрмейді. Сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынады. Сонымен қатар мәдени және діни нысандардың қызметіне рұқсат жоқ. Ал қоғамдық тамақтану орындарының барлығы түнгі сағат 22:00-ге дейін жеткізу режимінде жұмыс істемек.

Сала мамандарының хабарлауынша, медициналық ұйымдардың жұмысы күшейтілген режимде жалғасады. Облыс аумағындағы тосқауыл бекеттері де бекітілген тәртіпте қызмет атқарады.

Хабар 24 телеарнасы