420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында шектеу шаралары жеңілдетіледі

  • 117
  • UPD: 09:22, 01.12.2020
Түркістан облысында шектеу шаралары жеңілдетіледі

Түркістан облысында карантин тәртібі жеңілдетіле бастады.

Облыстың бас санитар дәрігері Нұрбек Нышановтың айтуынша, бұдан былай өңірдегі азық-түлік және киім-кешек базарлары мен сауда орталықтарына белгіленген шектеулердің біразы алынып тасталады. Мәселен, сауда нысандары мен түрлі қызмет көрсету орталықтарына демалыс және мереке күндері де жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр. Бірақ сенбі, жексенбі күндері тек кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істей алады. Өңірдің жасыл аймақта екенін атап өткен бас санитар-дәрігер алдағы уақытта да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, кәсіпкерліктің дамуына түрлі жағдайлар жасалатынын жеткізді. Өткен аптада облыстағы мектептерде бастауыш сынып оқушыларының дәстүрлі форматта білім алуына рұқсат берілген болатын.

Айта кетейік, қазіргі таңда 10 адам стационарлық, ал 28 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр. Қарым-қатынаста болған 112 адам медициналық бақылауға алынған.

Нұрбек Нышанов, облыстың бас санитар дәрігері:

- Облыс көлемінде эпидахуал тұрақты. Бүгінгі күнге дейін 3478 жағдай тіркеліп отыр. 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткішіміз 170,3-ті құрап отыр. Ал республикалық көрсеткіш 672 құрап отыр. Былай айтқанда облыс көлемінде 5 есе төмен деңгейде облыста тіркеліп отыр. Соңғы тәулікте 29 қараша 1 жағдай тіркелді. Шардара ауданында. Қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынып, зертханалық тексерумен қамтамасыз етіпуде.

Хабар 24 телеарнасы