420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында мереке күні локдаун тәртібі сақталады

  • 123
  • UPD: 11:39, 01.12.2020
Қостанай облысында мереке күні локдаун тәртібі сақталады

Қостанай облысында мереке күні де локдаун режимі сақталады. Қоғамдық көліктер жүрмейді. Сауда орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істемейді. Тұрғындарға түнгі 22:00-ден кейін көшеде жүруге тыйым салынғандықтан патрульдік кезекшілік күшейтіледі.

Елді мекендер арасындағы көлік қатынасы да қатаң бақылауға алынбақ. Бұған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы себеп. 9 қарашадан бастап аймақта қатаңдатылған шектеу шаралары енгізілген. Қазір ауруханалардағы инфекциялық төсек-орындарының отыз проценті бос емес. 

Владимир Нечитайло, облыстың бас санитар дәрігері:

- Инфекциялық бөлімдерде ем алып жатқандар саны күннен күнге ұлғайып келеді. Соңғы күндері бұл көрсеткіш екі есе артқан. Облыстағы эпидахуал күрделеніп барады. Егер осы айдың басында коронавируспен 200 адам жатқызылса, қазір 400-ге жетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы