2021 жылдың 1 наурызына дейін қырғыз-қазақ шекарасындағы «Қарқыра-автожол» – «Кеген-автожол» бақылау-өткізу бекеті уақытша жабылады.
Яғни жеке тұлғалар мен көліктер қозғалысына тыйым салынады. Бұл күн райының қолайсыздығы мен төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қолға алынып отырған шара, деп хабарлайды Қырғызстанның мемлекеттік шекаралық қызметі.