420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан діндер арасындағы диалогты нығайтудың үлгісіне айналды

  • 145
  • UPD: 16:37, 01.12.2020

Қазақстан мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты нығайтудың жарқын үлгісіне айналды.

Бұл қазақ елінің Тұңғыш президенті-елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мықты саяси ерік-жігерінің арқасында іске асты. Бұл туралы Римде елімізді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаған Папаның Дінаралық диалог кеңесінің төрағасы, кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксот арнамызға берген эксклюзив сұхбатында айтты. Кардинал 2001 жылы Қазақстанға Рим Папасы Иоанн Павел Екіншінің барғанын еске алып, Рим Папасы Францискі де Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің кезекті отырысына қатысады деп үміттенетінін жеткізді.

Аюсо Гиксот, Рим Папасының дінаралық диалог кеңесінің төрағасы:

- Діни көшбасшылар мен саясаткерлер күрмеуі қиын мәселелерді талқылау үшін бір үстел басына жиналады. Мұндай басқосу әсіресе коронавирус кезінде аса өзекті. Үйлесе отырып, жарастық табуда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сиезі ешқашан өз маңызын жоғалтқан емес. Осы тұрғыда Қазақстанға және оның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Ол діни алауыздық алаңдатқан әлемде тиімді әрі тағылымды пікіралмасу алаңына айнала білген жиынды 2003 жылы құрды. Нәтижесі күткеннен де зор болды. Осы диалог алаңы алдағы уақытта да адамзаттың игілігі үшін қызмет ете береді деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы