Еліміздегі «Абу-Даби Плаза» кешеніндегі ең биік мұнараға «Қазақстан» атауы беріледі. Бұл жөнінде Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Белгілі журналист Ләззат Танысбайдың «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде Елбасы ең биік ғимарат туристерді тартудың және елорда көркін ашудың негізі болатындығына сенім білдірді.
Сұхбаттың толық нұсқасы бүгін 20:00-да «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетіледі.