476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бірінші желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

  • 364
  • UPD: 17:14, 01.12.2020

Бүгін бүкіл әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. 1988 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1 желтоқсанда алғаш рет Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні деп аталды. Биылғы жылы шара «халықаралық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» атты ұранмен өтуде.

Бүгін «халықаралық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» атты ұранмен Дүниежүзілік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) күрес күні. Жер жаһанға жайылған індет бүгінде әлем елдері үшін шешімін таппаған ортақ мәселеге айналды. Ал күллі әлемге таралған коронавирус пандемиясы салдарынан адамның иммун тапшылық вирусына шалдыққан жандардың жарасына тұз сепкендей болды. Мәселен Ковид-19 дертінің салдарынан 127 елге дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары тұралап қалған. Ұйымның ұсынған статистикасына сәйкес бүгінде әлем бойынша шамамен 38 млн адам ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы ) дертіне шалдыққан. Олардың 1 млн 800 мыңы 14 жасқа толмаған бала.

Мэг Доэрти, ДДСҰ өкілі:

- Пандемия салдарынан ЖИТС-ке тест тапсырып тексеріліп жатқандардың саны азайды. Осы дерттен емделіп жатқандар да аз. Бұл дұрыс емес. Оның арты өлім-жітімнің әкелуі мүмкін.  

Бүгінде АИТВ (адамның иммундық тапшылық вирусы) инфекциясының алдын алу мақсатында қомақты қаржы жұмсалып жатқанымен алдын ала егетін вакцина немесе ағзаны вирустан толыққанды қорғайтын дәрі табылған жоқ. Сарапшылар оған вирустың құбылмалылығы себеп дейді. 

Роберт Галло, зерттеуші:

- Адам азғасында табылған вирус өте құбылмалы. Тұрақсыз вирус жиі мутацияға ұшырайды. Сондықтан оның қай дәріге қалай әсер ететінін тап басып айтуы мүмкін емес. 

Аурудың жұғу жолдары мен сақтану шараларын жақсы білген адам індеттің алдын ала алады. Ең абзалы есірткіден және кездейсоқ жыныстық қарым-қатынастан бас тарту дейді мамандар. 

Автор: Арайлым Жақсылыққызы

Хабар 24 телеарнасы