425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде Қазақстанның үш бірдей аса көрнекті тұлғасына арналған көрме ашылды

  • 354
  • UPD: 16:40, 01.12.2020

Санкт-Петерборда үш бірдей аса көрнекті тұлғаға арналған кітап көрмесі ашылды. Ресей ұлттық кітапханасында экспозицияның ашылуы бүкіл әлемге әйгілі  философ әрі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдық мерейтойларына орайластырылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ашылған көрмеде 150-ден аса экспонат қойылған. Арасында әлемнің түрлі тілдерінде басып шығарылған кітаптар бар. Ресей және Қазақстан мамандары бірлесіп ұйымдастырған бұл көрменің мақсаты - Санкт-Петербор тұрғындарын Қазақстанның мәдени мұрасымен таныстыру.  

Бауыржан Досманбетов, ҚР Бас консулы:

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында белгілі ғұламаларымыздың мерейтойын атап жатырмыз. Бұл Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Кұнанбайұлы мен шығыстанушы Шоқан Уәлиханов. Санкт-Петербор тұрғындары таныссын деп қаланың кітапханаларына жақында үш: орыс, қазақ пен ағылшын тілінде басып шығарылған кітаптарды сыйға тарттық.

Хабар 24 телеарнасы