420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандағы Hazret Sultan əуежайы алғашқы жолаушыларды қабылдады

  • 210
  • UPD: 20:22, 01.12.2020
Түркістандағы Hazret Sultan əуежайы алғашқы жолаушыларды қабылдады

Тұңғыш Президент күніне орай Түркістандағы «Хазірет Сұлтан» халықаралық əуежайы Нұр-Сұлтан - Түркістан бағытындағы алғашқы рейсті қабылдады.

Тарихи сәтке облыс басшылығы, қала қонақтары мен жолаушылардың туған-туыстары куә болды. Бортында 180 жолаушысы бар ұшақ бүгін түс ауа Түркістанға келіп қонды. Жолаушылардың барлығының көңіл күйі жақсы. Себебі енді олар киелі мекенге еш қиындықсыз ұшақпен ұшып келе алады. Алдағы күндері Түркістаннан Нұр-Сұлтанға аптасына 6, ал Алматыға 4 рейс қатынайды. Еліміздің өзге өңірлері мен шет елдерге, соның ішінде Түркияның Ыстамбұл қаласына әуе рейсін ашу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Түркістан халықаралық әуежайы ең тез салынған әуе кемелерінің айлағы ретінде тарихта қалады. Сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихында да алғашқы салынған жаңа әуежай саналады. Жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы – 3300 м, ал ені – 45 м. Жалпы аумағы – 905 гектар. Жалпы әуежай сағатына – 450, ал жылына 3 миллион жолаушы қабылдауға мүмкіндігі бар.

Тельман Бейсен, қала тұрғыны:

– Мереке қарсаңында қасиетті Түркістан топырағына алғашқы ұшақ қонып жатыр. Мен сол ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып келдім. Бұл мен үшін қайталанбас тарихи сәт. Өйткені қала көркейіп, дамып жатыр. Бұрын барып келу қиын болатын. Қазір тікелей рейс ашылды. Туристерге, сырттан келген қонақтарға, өзіміздің халыққа қызмет ететін болады әуежай.

Талғат Ластаев, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

– Рейстерді көбейтеміз. Басқа облыс орталықтарынан рейстер ашылады. Халықаралық рейстер де ашылады. Біріншіден Ыстамбұл, Дубай, одан ары Мәскеу, әртүрлі қалаларға ұшу жоспарлануда. Сонымен қатар Түркістан әуежайына «Ашық аспан» деген режим енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы