Ақтөбеде Тұңғыш Президент күніне орай «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі өтіп жатыр.
Көрмеге Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығы, қызметінің шежіресі туралы туындылар қойылған. Сондай-ақ тарихи жанрда жазылған кітаптары да бар. Металлургия саласындағы еңбегінен саяси жетекшіге дейінгі әр кезеңді қамтыған мерзімді басылымдар да келушілердің назарына ұсынылған.
Айымгүл Дауылбаева, кітапханашы:
– Біздің оқу залында Нұрсұлтан Назарбаевтың көп кітабы бар және келген оқырмандар танысу үстінде. Кітапханамыздың кітап қоры - 350 мың және ол кітаптарымыздың ішінде Елбасымыздың кітаптарының барлығы бар.