431,93 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақсу ферроқорытпа зауытының 35 қызметкері баспаналы болды

  • 255
  • UPD: 22:50, 01.12.2020

Тұңғыш Президент күнінде Ақсу ферроқорытпа зауытының 35 қызметкері баспаналы болды.

Оларға бес қабатты тұрғын үйден пәтер кілттері табыс етілді. Тұрғын үй ERG құрамындағы «Қазхром» ТрансҰлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы филиалының Ақсу ферроқорытпа зауыты бағдарламасы аясында салынған.

Жаңа тұрғын үйлер Ақсу қаласындағы төртінші шағын ауданда бой көтерді. Жанында мектеп, балабақша және емхана бар. Үй ауласында балаларға арналған стритбол алаңы орнатылған.

Ақсуферроқорытпа зауытының электромонтёрі Виктор Владимировтың өміріндегі ең бақытты сәт – бүгін. Тұңғыш Президент күнінде тұңғыш ұлы бір жасқа толды. Көптен күткен баспанаға қол жеткізді.

Виктор Владимиров, Ақсу ферроқорытпа зауыты электроцехының электромонтёрі:

- Бұл мен үшін үлкен бақыт. Күрделі кезеңге қарамастан үй алып жатырмыз. Іші кең, жарық. Мұндай үйді армандап жүргендер қаншама. Ақсу ферроқорытпа зауытына алғыс айтамын.

Қоныс тойын тойлап жатқандар арасында жоғары білікті мамандар, жас жұмысшылар мен тапшы мамандық иелері бар. Зауыт жұмысшысы Ағайша Сейілханова отбасымен 16 жыл пәтер жалдап тұрған.

Ағайша Сейілханова, Ақсу ферроқорытпа зауыты шаруашылық бөлімінің операторы:

– Екі ұлымыз, бір қызымыз бар. Көп жылдар бойы үй жалдап жүрдік. Әрине, біздің Ақсу ферроқорытпа зауытына көптен көп рақмет.

Пәтер «Қазақстанныңтұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-нан ERG тобының қызметкерлері үшін арнайы әзірленген бағдарлама бойынша беріледі. Олар төмен пайыздық мөлшерлемемен сатып алу құқығымен 20 жылға дейін жалға алды.

Сергей Прокопьев, Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры:

– Бұл үйлердің іргесі Еуразиаттық компания тобымен қаланды. Бүгін 40 пәтерді тапсырамыз. Жылдың аяғына дейін тағы бір үй қолданысқа беріледі.

Тұрғын үй бағдарламасы Ақсу ферроқорытпа зауытында табысты жүзеге асып жатыр. Бүгінгі күні 180 қызметкер баспаналы болған.

Хабар 24 телеарнасы