420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте індеткен қарамастан биыл дүниеге келген сәбилердің саны анағұрлым басым

  • 99
  • UPD: 10:35, 02.12.2020

Пандемия кезінде Шымкентте жаңа демографиялық дүмпу байқалды. Індетке қарамастан биыл өңірде өмірге келген сәбилердің саны анағұрлым басым, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, 26 мың сәби дүниеге келіп, оның 60-қа жуығы егіз болса, төртеуі үшем.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Бұл сәбидің әлі есімін қоймапты. Шақалақ мерзімінен бұрын туған. Салмағы бар болғаны бір келі үш жүз грамм ғана. Дәрігерлер қазір оның өмірі үшін күресіп жатыр. «Бөбекке заманауи технологиялар мен озық ем шаралар қолданылуда», - дейді мамандар. 

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, демографиялық өсім жағынан Шымкент еліміз бойынша алдыңғы орында тұр. Қазақстанда ғана емес, сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия елдерінің ішінде тұрғындарының саны өте тез көбейіп келе жатқан қала атанып отыр. Демографиялық дүмпу бірінші кезекте туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты..

Инна Глазебная, қалалық денсаулық сақтау басқармасы  ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы:

- Туу коэффициенті 23 мыңнан 25 883 балаға дейін өсті. Яғни, 10,8%-ке. Іс жүзінде біз биыл 2,5 мың туылғандармен көбейдік.

Биыл мегополисте 26 мыңға тарта сәби дүниеге келген. Оның 60-қа жуығы егіз. Индира Жұмабекова төртінші рет ана атанды. Оның айтуынша, қазір көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан барынша көмек көрестіліп жатыр. .

Индира Жұмабекова, қала тұрғыны:

- Карантин кезінде аяғы ауыр келіншектер өте көп қазір. Ол менің құрбыларымның арасында да бар. Енді бәрі артта қалды. Өте қуаныштымын. Осы аурухана ұжымына акушер-гинекологтарға рахметімді айтамын. Басында қорқыныш болды. Үйде отырдық. Бір жаққа шықсақ та маскамызды тағып жүрдім. Солай қорғанып жүрдім.

Перзентханаға түскен кезде жүкті әйелдер енді коронавирусқа ПТР-тест тапсыруы қажет. Егер оң нәтиже берсе, оны жұқпалы аурулар орталығына ауыстырады.

Мәдина Кенжебаева, қалалық перзентхананың бас дәрігері:

- Былтырғы 2019 жылмен салыстырғанда 10 айда былтыр 23392 әйел босанған болса, биыл 10 айда 25060 ана босанды. Ол 1768 әйелге көбейген. Туулар көбейіп жатыр, есепке алыну көбейгенге қарағанда карантин оң нәтижесін беріп жатыр ғой енді.

Айта кетейік ең аз ажырасу да Шымкентке тиесілі. Мәселен, осы жылдың сегіз айында 3,5 мыңнан аса неке қиылса, 650-ге тарта жұптың дәм-тұзы жараспай ажырасқан.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Хабар 24 телеарнасы