419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да күзгі дала жұмыстарын атқарған 70 адам айлықтарын ала алмай жүр

  • 76
  • UPD: 10:36, 02.12.2020
СҚО-да күзгі дала жұмыстарын атқарған 70 адам айлықтарын ала алмай жүр

Солтүстік |Қазақстан облысында күзгі дала жұмыстарын атқарған 70 азамат тамыздан бері айлықтарын ала алмай жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмысшыларды жалдаған инвестор оларға 27 миллион теңге қарыз болып қалған. Бұл аздай, олардың зейнетақы шоттарына да бір тиын салынбаған. Көк тиынсыз қалған ағайын ақшаларын қалай аларын білмей дал. Себебі серіктестік басшылығы орақ науқаны аяқталысымен ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. Компания басшысы бұдан бөлек, бес ауылдың халқына былтырғы жылғы жер пайы үшін 42 миллион теңге берешек.

Қуаныш Сейтқалиев, Светлое ауылының тұрғыны:

- 2018 жылдан бері жалақымнан зейнетақы қорына деп ақша ұстап келді. Бірақ ол менің шотыма түспеген. Салдарынан қазір еңбек өтілім де жоғалды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да осындай жағдай. Ауруханаға барсам, мені қабылдамайды. Себеп біреу ғана. Қаржы түспеген.

Хабар 24 телеарнасы