420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

  • 113
  • UPD: 11:25, 02.12.2020
Көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ұйымдастырғандарды жауапкершілікке тартты, деп хабарлады Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес Түркістан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында карантин енгізілген.

Төлеби АПБ-нің қызметкерлері рейдтік шаралар кезінде ауылдардың бірінің жанында көкпар ұйымдастырғандарды анықтады. Тәртіп сақшылары көкпарға қатысушыларды дереу тоқтатып, олармен карантинді бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түгел үйлеріне таратты.

Іс-шараны ұйымдастырушыға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті құзыретті органдарға жіберілді. Нәтижесінде көкпар ұйымдастырушы Төлеби ауданының тұрғынына 30 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы