423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкіметте мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мәселесі талқыланды

  • 277
  • UPD: 11:52, 02.12.2020
Үкіметте мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мәселесі талқыланды фото: ernur.kz

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру үшін инфрақұрылымды дамытудың жол картасы жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатта қоғамдық орындарға қолжетімділікті қамтамасыз ету шаралары көрсетілген. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды. Сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнамаға түзету енгізілді. Яғни, құрылыс кезінде пандус, баспалдақ пен есіктерді орналастыруға қойылатын қатаң талап бар. Бұл стандарт сақталмаса, ғимарат қабылданбайды. Қазір жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарды паспорттап жатыр. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында объектілердің қолжетімділігі төмен болып шықты.

 

Хабар 24 телеарнасы