419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаулық балалар құрылысы аяқталмаған ғимарат төбесінде хоккей ойнап жүр

  • 139
  • UPD: 12:07, 02.12.2020
Ақтаулық балалар құрылысы аяқталмаған ғимарат төбесінде хоккей ойнап жүр lada.kz

15 шағын аудандағы құрылыс нысанының төбесінде ойнап жүрген кәмелетке толмағандарды жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Полицейлер балалар мен ата-аналарға арнап түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Куәгерлер аяқталмаған ғимараттың соңғы қабатында кәмелетке толмағандардың қалай ойнап жүргенін видеоға түсірген. Оқиға жергілікті тұрғындарды үрейлендірді.  Өйткені ғимарат төбесіндемұз қатқан, ал жиектері қоршалмаған. Кейбір желі қолданушылары балалар мұз бетінде хоккей ойнады деп болжайды.

Ақтау полиция бөлімінің ювеналды қызметінің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтады.

- 9 және 14 жастағы екі бала полицияға жеткізіліп, олардың ата-аналары шақыртылды. Олармен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Ата-аналарға кішкентай балалар қауіптілік дәрежесін объективті бағалай алмайтынын еске салғым келеді. Ата-аналардың, білім беру мекемелерінің, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана балалардың өзін-өзі сақтау инстинктін дамытып, қоғамда дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға болатынына сенімдімін, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы