417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий теңізіндегі қызметтерді реттейтін заң жобасы мақұлданды

  • 130
  • UPD: 12:17, 02.12.2020
Каспий теңізіндегі қызметтерді реттейтін заң жобасы мақұлданды

Мәжіліс депутаттары еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа «балық аулау аймағы», «балық аулау аймағының режимі» деген жаңа ұғымдар енгізіліп отыр. Сондай-ақ заң жобасында теңіздегі тәртіпті бақылайтын мемлекеттік органдардың құзыреті бекітіледі. Айта кетейік, құжаттың мақсаты – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне енгізу. Құжатта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеме жасауды ұйымдастыру және оларды қолдануды бекіту бойынша құқықтық актілер қабылдау құзыреті айқындалады. Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында барлығы 10 заң жобасы қаралады.

Хабар 24 телеарнасы