425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде көлік иесіне жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүрмеуіне рұқсат етіледі

  • 274
  • UPD: 13:43, 02.12.2020
Елімізде көлік иесіне жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүрмеуіне рұқсат етіледі

Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа сай жүргізушілер көлік құралын тіркеу туралы куәлікті де алып жүруге міндеттелмейді.

Ескеретін жайт, бұл өзгерістер шетел азаматтары мен өзге мемлекетте тіркелген көліктерге қатысты қолданылмайды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Парламент депутаттары әзірлеген. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жол қозғалысына қатысты жаңа құжатты барынша жедел қарау қажеттігіне назар аударды.

Хабар 24 телеарнасы