421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО коронавирус көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақтан шықты

  • 238
  • UPD: 13:37, 02.12.2020
ШҚО коронавирус көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақтан шықты

Шығыс Қазақстан облысы індет көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақтан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыста белсенді жүргізілген күрес нәтижесін берді. Орташа көрсеткіш бойынша індет ілмегіне іліккендер 353-тен 73-ке дейін түсті. Бұл туралы облыс басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Жалпы соңғы бір айда өңірде қауіпті вирус жұқтырғандарды уақтылы анықтау үшін қосымша 6 ПТР-зертхана жасақталды. Сөйтіп, жүргізілген сынақ саны 101 мыңнан асқан. Бұл ел аумағындағы жоғарғы көрсеткіш. Ал дертті жұқтырған науқастарды емдеуге Фавипиравир препараты мен 3200 иммундық плазма қолданылды. Енді коронавирустың сары аймағына кірген өңірде біраз шектеулер жеңілдетіледі.

Еске салайық, қарашада облыстағы 166 мониторингтік топпен 1900-ден аса рейд жүргізілді. Тексерілген 4500-ға жуық нысанның 1055-інде бұзушылықтар анықталған. 48 млн теңге болатын 735 айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы