419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сапарбаев: Вакцина шығаратын зауыт құны – 7 млрд теңге

  • 105
  • UPD: 15:09, 02.12.2020
Б.Сапарбаев: Вакцина шығаратын зауыт құны – 7 млрд теңге

Жамбыл облысында вакцина шығаратын жаңа зауыт құны шамамен 7 млрд теңгені құрайды.

Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев хабарлады. Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Ал келер жылдың наурыз айында дайын өнімнің алғашқы партиясы өндіріледі. Өндіріс орны Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының базасында пайда болады. Сонымен қатар осы айда өңірде экспресс-тест өндірісі де іске қосылады. Жеке инвестордың демеушілігімен қолға алынған жоба құны 2 млрд теңгеден асады.

Хабар 24 телеарнасы