425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жыл аяғына дейін сегіз оңалту орталығы ашылады

  • 169
  • UPD: 15:10, 02.12.2020
Елімізде жыл аяғына дейін сегіз оңалту орталығы ашылады

Тұңғыш Президент қорының бастамасымен 8 оңалту орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Онда мүмкіндігі шектеулі балалар оңалту-сауықтыру шараларынан өтеді. Одан бөлек, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 3 орталық ашылады. Сөйтіп, келесі жылы мүгедектерді медициналық оңалту көрсеткіші 75%-ке жетеді. Мұқтаж жандарды техникалық оңалту құралдарымен қамту 2025 жылы 100% болады. Келесі жылы әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады. Сол портал арқылы оңалту жабдықтарын алуға болады. Бүгінгі Үкімет отырысында осы мәселелер жан-жақты талқыланды. Премьер-министр Асқар Мамин мүгедектіктің алдын алу үшін диагностика мен ем шараларын уақытылы жүргізуді тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мемлекет аса көңіл аударатын өте маңызды мәселе. Біздің міндетіміз – мүгедектігі бар адамдарға аса қолайлы орта жасау. «Nur Otan» бағдарламасының жаңа бағдарламасына сәйкес, алдағы 5 жылда жұмыспен қамтылған мүгедектер үлесі 30%-ке жетуі тиіс. Және олар медициналық қамтумен 100% қамтылады. Елімізде тұңғыш рет қоларба жасайтын оатндық өндіріс іске қосылды. Бұл 5 жылда арбамен толық  қамтуды қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы