419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында екпе егу жұмыстарына дайындық басталды

  • 108
  • UPD: 15:08, 02.12.2020
Павлодар облысында екпе егу жұмыстарына дайындық басталды

Павлодар өңірінің тұрғындарына коронавирустық инфекцияға қарсы екпе келер жылдың көктемінде салынады деп жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда вакцинация жүргізуге дайындық жұмыстары қолға алынды. Тиісті тапсырма Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан берілген. Сала мамандарының хабарлауынша, тапсырмаға сәйкес облыстың емханаларына екпеге арналған тоңазытқыш камералары әзірленуде. Бұл құралдармен әр емхана қамтылады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, әзірге вакцинаның белгілі бір түрі таңдалған жоқ. Бүгінде көрші Ресеймен келісім бар. Ал отандық құрал арнайы сынақтан өтеді.

Айта кетейік, өңірде ПТР зертханаларының желісі кеңейді. Қазіргі таңда медициналық ұйымдарда жасалатын зерттеулердің саны бір тәулікте үш мыңға артқан.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Тоңазытқыштарды дайындап жатырмыз. Құралдар әр емдеу мекемесінде болуы тиіс. Тоңазытқыштағы температура -25 және одан төмен болуы тиіс. Әзірге қолымызда осындай құралдар жоқ. Тек тоңазытқыш камералар бар. Қазіргі уақытта екпенің мөлшері мен техникалық сипаттамаларын анықтап жатыр. Алғашқы тоңазытқыштарды ақпанда сатып алмақпыз.

Хабар 24 телеарнасы